

Қор туралы
Біз кімге көмектесеміз?
«TAU FOUNDATION» қоғамдық қоры дарынды жастарды — оқушылар мен студенттерді қолдау мақсатында білім беру саласындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады.
Оқушылар мен студенттер — қордың барлық жобалары мен бағдарламаларының негізгі бенефициарлары. Біздің бастамаларымыз олардың сапалы әрі қолжетімді білім алуына, өз әлеуетін дамытуына және армандарына жетуіне қолдау көрсетуге бағытталған.
Қызмет бағыттары
Қор әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру үшін қайырымдылық қаражат тартады. Негізгі жұмыс бағыттары:
- Ауылдық және қалалық жерлердегі дарынды оқушылардың ҰБТ-ға сапалы дайындалып, жоғары оқу орнының грантына түсуіне мүмкіндік жасау
- Ерекше қабілеті мен таланты бар оқушыларға қолдау көрсету
- Ынталы студенттердің тұлғалық дамуына бағыт-бағдар беру
- Еліміздегі мұғалім тапшылығы мәселесін шешуге үлес қосу
- Мектептің үздік түлектерін мұғалім мамандығын таңдауға ынталандыру
- Мұғалім мамандығын таңдаған студенттерге қосымша шәкіртақы тағайындау
Нәтижелеріміз
TAU Foundation бастамаларының тарихы 2021 жылдан бастау алады. Осы уақыт ішінде Семей қаласында бірқатар білім беру жобалары жүзеге асырылып, жаңа бастамалар қолға алынды.
Осы кезеңде әртүрлі саладағы компаниялардың тұрақты демеушілік көмегі мен жеке тұлғалардың қайырымдылық қолдауы арқылы 500 млн теңгеден астам қаражат тартылды.
Жүзеге асырылған жобалар аясында Абай облысының 5 000-нан астам ауыл оқушысы іріктеуге қатысып, олардың арасынан 150-ге жуық оқушы екі жыл бойы Семей қаласында ҰБТ-ға кешенді түрде тегін дайындалу мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде жоба түлектерінің 100%-ы жоғары оқу орындарының білім гранттарына түсті.
Сонымен қатар, мұғалім мамандығын таңдаған 100-ге жуық студенттің тұлғалық дамуына қолдау көрсетіліп, үздік студенттерге тұрақты түрде қосымша шәкіртақы тағайындалып келеді.
Миссиямыз
Сапалы әрі қолжетімді білім беру арқылы қоғамның дамуына үлес қосу.
Мақсатымыз
Семей қаласының дарынды оқушыларына, сонымен қатар ЖОО студенттеріне және мұғалімдік жолды таңдаған болашақ педагогтарға қолдау көрсету.
Біздің команда
Қор жобаларын күн сайын жүзеге асыратын команда




Құрмет тақтасы
Қордың дамуына ерекше үлес қосқан жандар



Жобаларымыз

Jas Abay mektebi
Абай облысының ауыл оқушыларына арналған серіктес жоба.
136 оқушы10-сыныпта — 60, 11-сыныпта — 76. 44 оқушы дарынды балаларға арналған мектептің ішкі грантымен 100% тегін оқиды.

TAU USTAZ
Болашақ мұғалімдерге арналған жоба.
82 студент29 математик, 14 физик, 14 ағылшын тілі, 10 био-химия, 15 гуманитарлық пән студенті.

TAU TULGA
ЖОО студенттеріне арналған жоба.
5 студент
TAU DARYN
Семей қаласының оқушыларына арналған жоба.
10 оқушы
TAU TALANT
Ерекше қабілеті бар оқушыларға арналған жоба: білім, өнер, ғылым және басқа бағыттар бойынша.
5 оқушыБізді қолдаушылар

ADAL AS

Status Management Group

Zhebe Logistics

Zein

Қолдаушы

SemeyCement

Center of Nuclear Medicine and Oncology Semey

MyComp

Шашлычок

Семей қаласының №1 емханасы

Shakarim University

Қолдаушы

Тәп Тәтті

Q4 Tulpar

TOO JetiTas

Всё для дома

Seven City apartments
Есептілік
Қордың 2023–2025 жылдардағы қаржылық есептері
2025
2025 жылғы есеп
Қаржылық құжаттар
2024
2024 жылғы есеп
Қаржылық құжаттар
2023
2023 жылғы есеп
Қаржылық құжаттар
Толығырақ ақпарат
Қордың жобалары, мақсаттары және нәтижелері туралы презентация







Бейнелер
Қор жобалары мен қатысушылары туралы бейнематериалдар
